6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысының полиция қызметкерлері екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні Қарасай ауданының ПБ-ға жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Табылған мәйіттер 30 бен 34 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматтары болғандығы анықталды. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке 43 жастағы сол республиканың азаматы ілінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Іс негізінде сот-медициналық сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі