Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Алматы облысына қарасты Қаратал ауданындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументінде Қазақстан және Корея Республикаларының арасында орнаған дипломатиялық, стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналған шара өтті.
Оған Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы, корей этномәдени орталығының төрағасы Владимер Ли, Корея Республикасының Бас Консулы Ким Хынг Су, «Чосон Ильбо» корей газетінің өкілі Хонг Джунг Хо, Корея Республиксынан келген медицина қызметкерлері қатысты.
Акция барысында «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылыды. Корея Республикасының Бас Консулы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында орнатылған қарым-қатынастың келешекте одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Акция аясында Корея республикасының делегаттары Кемель Тоқаев атындағы мектепте болып, онда орналасқан Музейді тамашалап, оқу орнының әкімшілігіне бағалы сыйлықтар табыс етті.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік