Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысында балшыққа батып қалған қойлар құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданының Ақтерек ауылдық округінде 17 наурызда шамамен түнгі сағат 23:00-де қой айдау кезінде Шылбастау станциясының маңында ашық жерде екі мыңға жуық қой балшыққа батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Түнде шаруа қожалығының қызметкерлері қойларды балшықтан шығара алмағандықтан, таңертең құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, ауылдық округтегі басқа мүдделі ұйымдардың, шаруа қожалығының күшімен және Бақтерек, Бектас және Шылбастау ауылдарының тұрғындарымен балшықта қалған ұсақ малды (қойларды) құтқару бойынша құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы күш-жігермен бір мың тоғыз жүз сексен бір бас ұсақ мал ашық құрғақ жерге жіберілді, он тоғыз қойды құтқаруға мүмкіндік болмады. Құтқару операциясына қатысушылар Ақтерек ауылдық округінің әкімдігі жеткізген бір машина шөпті балшықтың үстіне төсеп, қойларды аман алып шықты.
Шаруа қожалығының басшысы қойларды құтқару операциясының қатысушыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары