13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматы облысында сот әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған ер адамға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша) Балқаш аудандық сотында қаралды.
2024 жылдың шілдесінде Н. өзінің Instagram парақшасында Jetour маркалы автокөлікті ойнату арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырды. Лотереяға қатысу үшін 200 теңге көлеміндегі лимитсіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған, - делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кету керек, ер адамның өзі лотерея операторы емес.
Сот Н. есімді азаматты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 369 200 теңге (100 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды