6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысында жауырыны жерге тимеген балуандар белдесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Алатау арланы» деп аталған білектілер додасы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдаманы сарапқа салу үшін ұйымдастырылған.
Қонаев қаласының орталық алаңында өткен турнирге аймақтың түкпір-түкпірінен салмағы 90 келіден жоғары 28 балуан қатысты. Олардың барлығы - өз өңірлерінде үздік үштіктен көрінген спортшылар.
Айта кетейік, алыптар сайысының өтуіне Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу орталығы мұрындық болды. Сағаттар бойы боз кілемде белдескен балуандар облыстың дарабоздарын анықтады.
Жарыс қорытындысына келер болсақ, қарсыластарын тізе бүктірген, «Алатау арланы» атанған Қонаев қаласының атынан боз кілемде белдескен Мәди Еділбаев алтын белбеудің иесі атанып, 5 000 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Республикалық турниде Мәди Еділбаев Алматы облысының намысын қорғайтын болады.
Ал Еңбекшіқазақ ауданының атынан шыққан балуан Нұрғали Жолтаев екінші орын алса, жүлделі үшінші орынға Балқаш ауданынан келген Әлімжан Жұмахметов табан тіреді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі