Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖыл басынан бері өңірде 7 558 ит пен 29 мысық ұсталды. Алайда олардың ішінде тек 82 ит қана иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, жануарларды ұстау ережелерін бұзғандарға 3,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды – әкімшілік шаралар 133 иеге қолданылды.
Соңғы оқиғалардың бірі – Құмтоған ауылында болған жағдай. Мұнда қаңғыбас иттер үй жануарына шабуыл жасаған. Ветеринариялық қызметтер жедел жетіп, 9 итті ұстады. Жараланған жануарға көмек көрсетілді, ал бұл аумақ бақылауға алынды. Мұндай жоспарлы рейдтер өңірдің басқа елді мекендерінде де жалғасады, - делінген мәліметте.
Мамандар тек айыппұлмен мәселені шешу мүмкін еместігін атап өтеді. Өңірде иттерді міндетті түрде чиптеу, стерилизациялау және үй жануарларын ұстау талаптарын қатаңдату шаралары қарастырылуда.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар