Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚосқұдық ауылында жиналған еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қосқұдық ауылында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың мол еруі және Косқұдық ауылының солтүстік-батыс бөлігінен егістіктер мен жазық жерлерден еріген қар суы ағып келді. Нәтижесінде Түрксіб көшесінде 5 аула аумағы, яғни көшедегі 30 тұрғын үй су астында қалды.
ТЖД және ЖАО күштерімен экскаваторды пайдалана отырып, жиналған еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде. ТЖД 30 қызметкері, 5 техникасы және 3 мотопомпасы, ЖАО 4 адамы мен техникасы жұмылдырылды, - делінген мәліметте.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Кейінгі мәліметтер бойынша, су деңгейі төмендеді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді