2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматы облысы Іле ауданының ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен газ қосылады, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.
Іле ауданы Қоянқұс ауылының тұрғындары үйлерді газбен қамтуда қосудың жоғары құны мәселесін бірнеше рет көтерді.
Ауданда газдандыруды «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы жүзеге асырады. Компания елді мекенге дейін газдандыруды жүргізеді, ал ауылдардағы ішкі газ құбырларын осыған арнайы лицензиясы бар жеке компаниялар қосады.
Қоянқұс ауылында «Ер-кай» ЖШС компаниясы жұмыс жүргізеді. Әр үйге газ қосу тарифі олардың сметасы бойынша 1 млн теңгеге дейінгі соманы қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауданның жергілікті атқарушы органдарымен бірге Алматы облысының газ шаруашылығы өкілдерімен кездескеннен кейін мәселе оң шешімін тапты.
Қоянқұс ауылында газдандыру бұрын жоспарланғаннан екі есе төмен бағамен - 425 мың теңгеден жүргізіледі. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына газды қосу бағасын бөліп төлеу мүмкіндігі берілді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс