23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы облысында жыл басынан бері тексерілген 61 медициналық ұйымда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды орындамаған. Сондай-ақ, дезинфекциялау-стерилдеу режимінің сақталмауы анықталды.
Микробиологиялық зерттеуге 2300 шайынды алынды. Тексеру нәтижиесі бойынша ішек таяқшасы тобының бактериялары мен стафилококтар анықталды. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың стерильділігін бақылау мақсатында 500-ден астам шайынды тексерілді, оның 4-і оң нәтиже көрсетті. Зерттелген 370 ауа сынамасының 17- нен оң нәтиже шықты, бұл ауаны зарарсыздандыруға қойылатын талаптардың сақталмауын растайды, - деп атап өтті облыстық департаменттен.
Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 25 млн 892 мың 250 теңге айыппұл салынды, 27 субъектіге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді, 3 медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1007 медициналық ұйымның арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 54 денсаулық сақтау объектісі (5,4%) анықталды. Оның ішінде ауылдардағы 35 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін нысан 2023-2024 жылдары құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді, - деп атап департамент өкілдері.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік