18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Талғардағы Денсаулық сақтау министрімен өткен кездесуде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың мүгедектігі бар азаматтарға қатысты айтқан сөзі қоғамда кең талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрмен болған жиынға жүздеген тұрғын жиналған. Сол сәтте Есболатовтың: «Мүгедектігі бар адамдардың еңсесін түсірмейік, оларды онсыз да Алланың өзі жазалаған» деген пікірі видеожазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тез тарады.
Қоғамдық резонанстан кейін облыс әкімінің орынбасары ресми түсінік берді. Оның айтуынша, кездесуге адам өте көп келіп, әрқайсысы өз мәселесін жеткізуге тырысқан.
Денсаулық сақтау министрімен өткен қабылдауға халық көп жиналды. Барлығы сұрақ қоюға ұмтылды, сондықтан кезек тым ұзақ болды, – деді ол.
Есболатов кездесудің төрт сағатқа созылғанын, залда мүгедектігі бар адамдардың да болғанын атап өтті. Ол тәртіпті сақтау мақсатында ескерту жасағанын, бірақ орыс тілінде айтқан сөзінде өрескел қате кеткенін мойындады.
Регламентті сақтауға шақырдым. Алайда орысша айтқан сөзімде қателік кетті. Ойымды дұрыс жеткізбеппін. «Құдай үлкен сынақ берген» деген мағынада айтқым келген. Сөзімнің көпшіліктің көңіліне тиіп, намысына тигенін түсіндім. Сол үшін шын көңілден кешірім сұраймын, – деп жазды ол.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр