Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы ПД қалалық метрода полицейлердің қалай жұмыс істейтіні жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әр бекетте полиция пункттері орналасқан, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Полиция пункттерінде кезекші наряд, сеніп тапсырылған аумақты аралап, аумақтарды бейнебақылауды жүзеге асырады.
Барлық тәртіп сақшылары сияқты "жерасты" полицейлері де заң бұзушылықтарды анықтаса, дер кезінде шара қолданады. Сонымен қатар күнделікті жасақ құрамына қызметтік-іздестіру иттері бар полиция кинологтары кіреді, олар жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін электр пойыздарын, метро станцияларының қызметтік ғимараттарын және қоймаларды тексереді, – деді метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.
Спикердің айтуынша, биылғы жылы Алматы метросында 70-тен астам пышақ, кастет және басқа да қарулар тәркіленген. Сонымен бірге есірткіні сақтаудың 13 дерегінің жолы кесілді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар