Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?26 қазанда «Алматы – Мәскеу» бағыты бойынша пойыз жолға шығып, Қазақстан мен Ресей арасындағы тікелей теміржол қатынасы ресми түрде жанданды. Алғашқы рейспен шамамен 40 жолаушы сапарға аттанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа бағыттағы пойыз құрамына биыл отандық «ЗИКСТО» АҚ зауытында шығарылған заманауи жолаушылар вагондары енгізілді. Купе және плацкарт вагондары жетілдірілген дыбыс оқшаулау жүйелерімен, заманауи желдеткіш және санитарлық тораптармен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондар қарастырылған. Құрамда 36 орындық бір купе вагоны және 52 орындық бір плацкарт вагоны бар.
«Алматы – Мәскеу» бағытындағы вагондар Саратов станциясына дейін №7/8 «Алматы – Саратов» пойызының құрамында жүреді. Саратовта вагондар №85/86 «Дербент – Мәскеу» пойызына тіркеліп, Ресей астанасына дейін жетеді. Алматы-2 станциясынан жөнелту уақыты — 20:20. Мәскеуден кері бағыттағы алғашқы пойыз 30 қазанда жолға шығады.
Қозғалыс кестесіне сәйкес, 2025 жылғы 26–30 қазан аралығында пойыздар Алматы-2 станциясынан жұп күндері жөнелтіледі. 1 қарашадан 13 желтоқсанға дейін қозғалыс тақ күндері ұйымдастырылады.
Жолаушылар билеттерін ресми bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік