Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы және Анкара қалалары арасында аптасына екі рет тікелей әуе рейсі жасалатын болды, деп хабарлайды El.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша Түркияның авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде тараптар маршруттарды, рейстер санын екі есеге және тасымалдаушыларды көбейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Осы жұмыстың нәтижесінде «Pegasus Airlines» түрік авиакомпаниясы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Алматы – Анкара бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосты, қазақстандық жолаушылар Түркия астанасына тікелей рейстермен саяхаттауға мүмкіндік алды.
Алматы және Анкара қалалары арасындағы тұрақты рейстер А320 және Б737 типті әуе кемелерімен сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет орындалатын болады.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?