7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Қала басшысы Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды El.kzпорталы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты, сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.
23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді.
Жұмыс барысында өзін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жауапты және бастамашыл маман ретінде жақсы жағынан көрсетті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ салған болатын.
Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттерінің арқасында күш көрсетуші залалсыздандырылып, әйелдің өмірін сақтап қалды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?