Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді2 шілдеде Алматы қаласында «Металл Пром групп» ЖШС зауытында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясының шеңберінде Арыс қаласына қайырымдылық көмек автотізбек жөнелтілді.
Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері жинаған гуманитарлық көмек, құрылыс материалдары, азық-түлік тиелген 65 тонна болатын 9 жүк көлігі жіберілді.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нурия Ниязова, және республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Мұнда негізінен құрылыс материалдары. Себебі, ол жақта үйлер қайтадан қалпына келтіріліп жатыр. Басында біз азық түлік, киім-кешек жіберген болатынбыз. Мұнда тек кәсіпкерлер ғана емес, барлық халық көмектесіп жатыр. Зейнеткер апамыз 200 теңге жіберіп жатыр. Біз үшін бұл баға жетпес ақша. Біз Арыспен біргеміз», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Республикалық ұйғыр этно мәдени бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов.
Осы күнге дейін, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері көрсеткен көмектің жалпы сомасы бүгінгі таңда 70 млн теңгені құрады.
Ассамблеяның «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы аясында 100 тонна тұрмыстық заттар мен азық-түлік, балалар киімдері мен төсек-орындар жіберілді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік