6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБалаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру аясында Алматы хайуанаттар бағында жазғы Зоомектеп ашылады. Жас табиғат зерттеушілер үйірмесіне 9 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, зоомектепке түсу үшін балаға «Неліктен мен Зоомектепте оқығым келеді» тақырыбында эссе жазып, оны Алматы хайуанаттар бағының almatyzoo.lector@mail.ru электрондық поштасына 22 мамырға жіберу қажет.
Ілеспе хатта баланың тегі, аты және жасы, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні және байланыс телефоны көрсетілуі керек. Кіріспе сұхбаттан өткеннен кейін бала маусым айында басталатын және аптасына екі рет екі сағаттан: дүйсенбі/жұма немесе сейсенбі/бейсенбіден басталатын сабақтарға жіберіледі, - делінген мәліметте.
Зоомектептегі сабақтардың ерекшелігі жануарлар дүниесін тереңірек зерттеу және Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлармен жұмыс істеуінде. Үйірмеде жеткіншектер қатаң сақтауға тиіс өз ережесі бар.
Негізгі сабақтардан басқа, негізгі сабақтарға тәуелді емес қосымша сабақтар – факультативтер бар. Биылғы «Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері» атты факультатив тақырыптық мереке аясында өткізіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі