Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда Қала күніне орай «Алматының символы – сыйлыққа» атты акция өтті. Іс-шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы және ҚР ҰҚК Алматы қаласы Шекаралық бақылау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды
Паспорттық бақылау аймағында халықаралық рейстердің жолаушыларына Алматының жылуы мен қонақжайлылығын білдіретін «апорт» сұрыпты алмалар ұсынылды. Акция шамамен 10 мың жолаушыны және 50-ден астам рейсті қамтыды.
Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, бұндай акцияларды өткізу Алматыны туристік бағыт ретінде тартымды етуде маңызды рөл атқарады.
«Алматы Орталық Азияның қаржылық, сауда-экономикалық және мәдени-білім беру орталығы. Қала табиғи ресурстарымен, бай тарихи, мәдени мұрасымен туристерді тартады. Мұнда халықаралық деңгейдегі ірі фестивальдер мен концерттер өтеді.
«Алматының символы – сыйлыққа» акциясы шетелдік туристерді қаланың дәстүрімен, мәдениетімен таныстыруда алғашқы оң әсер қалдыруды көздейді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?