23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?14 шілдеде сағат 12:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде автобус пен Toyota Estima соқтығысқан. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
11 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді сергек болуға және жылдамдық режимінен аспауға шақырады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік