30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы қаласының алдағы 6 жылға арналған «Электр желілерін дамыту жоспары» әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай мәлімдеді. Құжат электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, энергия сапасын жақсартуға және қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.
Электр желілерін дамыту жоспары энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу бағдарламасын қамтиды. Сол арқылы 2030 жылға дейінгі кезеңді, ал болашақта 2040 жылға дейінгі даму перспективасын көздейді. Құжатты әзірлеу барысында қаланың энергия жүйесінің даму болжамы жасалды, бұл алдағы онжылдықта қажетті ресурстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік бермек.
Алматының энергетика саласын талдау шұғыл шешімді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер мен ерекшеліктерді анықтады. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай мегаполистің тұтыну қуаты 468 МВт-қа (48%-ға) өсіп, 1450 МВт-ты құрайды деп күтілуде.
Аталған деректерді ескере отырып, Жоспарда негізгі міндеттер қарастырылған: жаңа қосалқы станцияларды салу, электр желілерін қайта құру және жаңғырту, әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру, жаңа тарату пункттерін орнату және электр беру желілерін ауыстыру, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды қосу шектеулерін жоюды көздейді.
Осы іс-шараларды іске асыру электрмен жабдықтаудың сенімділігін айтарлықтай арттырып, тұтынушылар үшін электр энергиясының сапасын жақсартады және жаңа нысандарды қосу мүмкіндіктерін жасайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды