Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға ресми сапары аясында Бейжің қалалық жоспарлау орталығының жұмысымен танысты. Бұл бірегей мекеме заманауи қала құрылысы мен даму әдістерін көрсетеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Ерболат Досаев 2016–2035 жылдарға арналған Бейжіңнің Бас жоспарының негізгі аспектілерін, соның ішінде экологиялық және қала құрылысы мәселелерін зерттеді. Ол Алматы мен Бейжіңнің көпорталықты даму моделін ұстанатынын атап өтті, бұл қала орталығы мен аудандар арасындағы жүктемені тең бөлуге көмектеседі.
Бұл тұрғындарға жайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды экологиялық талаптарды ескере отырып дамытуға мүмкіндік береді. Әкім Бейжіңнің озық тәжірибесін Алматыға енгізудің маңыздылығын атап, қаламыздың тұрақты дамуына ықпал ететінін айтты.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?