Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы халықаралық әуежайында «Тәтті кәдесый сыйлыққа» акциясы басталды. Конституция күні қалаға келген шетелдік қонақтарға паспорттық бақылау мен кеден аймақтарында естелік сыйлықтар ұсынылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қонақтарға паспорт қаптамасы және қазақстандық шоколад сыйға тартылды. Акцияны мегаполистің туризм басқармасы әуежай, шекара қызметі және «Жетісу» кеден бекетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсат – туристерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қазақ халқының қонақжайлығын көрсету. Бүгін шамамен 10 мың жолаушы осындай сыйлық алады.
Әуежай терминалында Конституция күніне арналған мерекелік фотоаймақ жұмыс істейді. Әрбір қонақ дәстүрлі қазақ шапанын киіп, естелікке суретке түсе алады.
Жолаушылар бұл сыйды қуанышпен қабылдап, әсерлерімен бөлісуде. Олар Алматының жылы шырайлы қонақжайлығын ерекше атап өтуде. Көпшілігі үшін бұл қаламен алғашқы жарқын танысуға айналды.
Алматы еліміздің басты туристік орталығы ретіндегі мәртебесін сақтап келеді: Қазақстанға келген шетелдік қонақтардың жартысынан астамы – 52,3%-ы дәл осы қалаға ат басын бұрады. Қаланың ерекше мәдениеті, бай тарихы мен табиғаты туристерді қайта-қайта оралуға шақырады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?