Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАлматы әуежайында Fly Arystan әуе компаниясының жолаушылары шу шығарды. Оқиға 19 тамызда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@kkris.p.media паблигі оқиғаның видеосын жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, SMS ескертпе хабарламасындағы қатенің кесірінен жолаушылар KC 7053 рейсіне кешігіп келген.
Әуе компания өз кінәсін мойындап, жолаушыларға шығынды өтеп берген. Бірақ бұл рейстен кешіккендерді сабырға шақыра алмады. Олар шу шығарып, жолаушылардың бірі тіркеу жүргізу үстеліндегі әуежай мүлкіне зақым келтірген.
Оқиға орнына полицейлер шақыртылды. Көліктегі полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.
19 тамызда Алматы әуежайындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері Fly Arystan әуе компаниясының "Алматы-Астана" рейсі кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушылардың бірін анықтады. Тексеру барысында 31 жастағы әйелдің өзін жөнсіз ұстап, әуе компания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқаны анықталды. Сонымен қатар ол тіркеу үстеліндегі мониторды зақымдады,-делінген ведомство хабарламасында.
Жанжал шығарған әйелге қатысты ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?