Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы – Дубай, Алматы – Прага және Алматы – Гонконг халықаралық бағыттары бойынша әуежайдағы уақытша сақтау қоймасы аумағында бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлаумен айналысқан 29 жастағы азаматтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұсталған азамат әуежайдың уақытша сақтау қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүріп, осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жалпы сомасы 7 645 371 теңге құрайтын мүлікті ұрлаған. Көлік полицейлерімен жедел тәртіпте ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуі барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы барлық ауыр фактілер бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өз кезегінде, еліміздің әуе көлігі қызметтерін пайдаланатын азаматтарға жеке заттарына қырағы болуды, сақтық шараларын сақтауды, құқық бұзушылық анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды тағы да еске саламыз.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды