2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы қаласындағы Достық үйінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға Алматы қалалық ҚХА хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жұмысын қамтамасыз ету қызметі, «Ынтымақ» депутаттық тобы, Алматы қаласы ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің мүшелері қатысты.
Отырыста қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және тұрақтылықты нығайту үшін ҚХА-ның жергілікті деңгейінде барлық өзекті мәселелерді нақты шешуге бағытталған қоғамдық келісім кеңесінің 2019 жылға арналған міндеттері мен жұмыс бағыттарын белгілеу, сонымен қатар этносаралық қатынастар саласында қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға қатысты бір топ мәселе қарастырылды.
Отырыста Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасарлары бекітіліп, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттар бойынша 10 жұмыс тобы анықталды. Әрбір сайланған орынбасар өз ұсыныстарын Алматы қаласы ҚХА ҚКК жұмыс жоспарына енгізді.
Алматы қаласы ҚХА хатшылығының басшысы Назар Балғымбаев Достық үйінің негізінде медиация кеңесімен бірлесе отырып өзекті мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау өткізуді ұсынды.
Сондай-ақ, отырыс аясында этномәдени бірлестіктердің басшыларына этномәдени орталықтарды қоғамдық аккредиттеу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова