Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Олжас Смағұлов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Олжас Мұхтарұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық құрлықаралық университетін, Помона қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Атырау облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында басшылық қызметтер атқарды. Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы болған.
2015–2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысында бірнеше басшылық қызметте жұмыс істеген.
2019–2021 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Премьер-министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2021 жылы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?