Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты әрі өз деңгейінде өткізудің, қаланы көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеудің, сондай-ақ алматылықтарды алаңдататын басқа да мәселелерді шешудің маңызын атап өтті.
Ерболат Досаевқа еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәдени хабы ретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылды.
Қала әкімі президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары