Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуінде қызық жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың бірі әкімге бес жарым жыл бойы бір мәселе шешілмей жатқанын айтып, сұрақ қойған.
Сіздің алдыңызға осымен екінші рет келіп тұрмын. Бірінші сұрағым Тұрғын үй басқармасына. Жаңа менің екі тұрғыным сөйледі. Олар келгеннен кейін менің де келуіме тура келді. Өйткені өздерінің күнін өздері көре алмай жатыр. Мына кісі орнынан тұрып, сұрағанда «Иә, қоныстандырдық» дейді. Онда неліктен бір ай емес, екі ай емес, бес жарым жыл бойы пәтер неге бос тұрады? Қанша қазақ пәтерсіз қаңғырып жүр? Өткенде «Анықтаңдар» дедіңіз. «Біз бәрін істейміз, бір ай, екі ай» деген. Міне, бір жыл болды. Ештеңе біткен жоқ, - деді ол.
Әкім тұрғынға былай деп жауап берген:
Бітпейді. Өзіңіздің пәтеріңіз бар ғой?! Бар ма? (Бар - тұрғынның жауабы). Онда дұрыс. Осы пәтеріңізге қарап, ОСИ (мүлік иелерінің бірлестігі) қарай беріңіздер. Қалған жұмыстарды бізге қалдырыңыз. 5 жарым жылдың ішінде онда неге шешілмейді сұрақ? Менің істегеніме 2 жылдан асты. Былай болсын, ар жақтағы сұрақтарды менің қорама әкелмей-ақ қойыңыздар, - деді Досаев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді