6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлерін өткен кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға құрмет наградаларын табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
«Құрмет» орденімен марапатталғандардың қатарында еңбек ардагері Нұрахан Сейітқұлов бар. Ол ауылдық округтің шеберінен бастап, Жамбыл электр желілерін басқару мекемесінің жетекшісіне дейінгі жолдан өткен. Сондай-ақ, «Алматы Қала Жарық», «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго» және «Алматы электр станциялары» мекемелерінің мамандары «Еңбек Даңқы» III дәрежелі орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ерболат Досаев энергетиктерге мегаполистің инфрақұрылымын дамытуға және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі