Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Бейбіт Шаханов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын және Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Қаржы, Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінде жұмыс істеген.
2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар