30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚұрылысы ұзаққа созылған спорт нысанына қатысты іс қаралған кезде сот әкімдіктің жағына шықты. Бұл туралы қалалық нысандарды аралау кезінде Алматы әкіміне бейінді басқарманың өкілдері баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Алатау ауданындағы теннис орталығы келушілер үшін есігін осыдан екі жыл бұрын ашуы тиіс еді. Сөйте тұра әлі күнге дейін ғимарат пайдалануға дайын емес.
Спорт орталығын салуға бюджеттен қаражат алған «ПМК-7К» ЖШС мердігер ұйымы міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Сот компанияға айыппұл төлеуге, сондай-ақ жұмыс істемеген авансты қайтаруға міндеттеді. Мердігер шешімге қарсы шығуға тырысты, бірақ азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды өзгеріссіз қалдырды. Ерболат Досаев бейінді басқармаларға атқарылған жұмыстарға техникалық аудит жүргізуді және объектінің құрылысын аяқтау жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды, - делінген мәліметте.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды