Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Михаил Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшыны құттықтап, бұл жетістіктің табандылық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Алматы әкімдігінің атынан Михаил Шайдоровқа 2,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстап, оның отандық спортты дамытуға және қаланы халықаралық деңгейде танытуға қосқан зор үлесін ерекше айтты.
Сіз қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың абыройын арттырып қана қоймай, жүздеген жас спортшыны өзіне сенуге және алға ұмтылуға шабыт бердіңіз. Ерекше алғысты жаттықтырушыңыз Әсем Робертқызы Қасановаға айтқым келеді. Ол өз ісіне деген жоғары кәсібилігімен, даналығы және шынайы адалдығымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері ретінде ол спорттың дамуына және мұз айдынында жаңа жұлдыздардың қалыптасуына үлкен үлес қосты, – деді Бейбіт Шаханов.
Өз кезегінде Михаил Шайдоров қолдау көрсеткені үшін әкімдікке алғыс білдірді.
Мен қала әкімдігіне, алматылықтарға қолдау көрсеткені үшін өте ризамын. Бұл мені шабыттандырып, әрі қарай жетістікке жетуге күш береді. Бұл менің ғана емес, бүкіл елдің жеңісі, маған сеніп, осы жолда көмектескен көпшіліктің еңбегінің нәтижесі, – деді Михаил Шайдоров.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд