6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСабақтар келесі оқу жылынан басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы академиясында келесі оқу жылынан бастап “Құқық қорғау қызметі”, “Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету”, “ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету”, “Ақпараттық жүйелер” сияқты үш жаңа бағыт бойынша ішкі істер органдары жүйесінің кәсіби кадрлары оқытылады.
Соңғы жылдары киберқылмыс, интернет-алаяқтық тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Кибер қылмыстарға қарсы тұру әлеуетін арттыру мақсатында жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы шешім қабылданды.
Осы бағытта Астана және Алматы қалаларының полиция департаменттерінде киберқылмыстарды ашумен және тергеумен айналысатын арнайы бөлімшелер ашылды. Олар киберпол деп аталады. Біз осы бөлімшелердің қызметкерлерін Алматы академиясының қабырғасында оқытатын боламыз, – деді академия басшысының орынбасары Е. Бимолданов.
Сонымен қатар академияда қазіргі және болашақ қызметкерлерді интернет арқылы жасалатын қылмыспен күресу бойынша жұмыс дағдыларына үйрету үшін киберзертхана мен киберполигон ашылды. Болашақ мамандар академияда тегін білім алып, жайлы жатақханада тұратын болады. Сондай-ақ артықшылықтар қатарына тегін тамақ, формалық киім, медициналық қызмет көрсету, тұрғылықты жеріне бару және кері қайтару шығыны (пойызбен) кіреді. Курсанттар шәкіртақы алады. Оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен тең. Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілерге “Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер бакалавры” және “Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бакалавр” біліктіліктері бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Сонымен қатар полиция лейтенанты арнайы атағы беріледі.
Оқуға түсу бойынша тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) полиция басқармаларына (бөлімдеріне) немесе тікелей Алматы академиясына жолығу керек. Немесе +7-705-755-25-77, +7-775-930-55-88 телефондары бойынша ақпарат алуға болады. Үміткер медициналық комиссиядан және дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтардан өтуі керек. ҰБТ нәтижесі 50 баллдан төмен болмауы тиіс.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі