Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБұл туралы мәслихат сессиясында қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті.
Спикердің айтуынша, 2023 жылы Алматыда 575 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (АБК) іске қосылады, оның ішінде ақпан айында – 100 АБК, наурыз айында – 150 АБК.
Бұл бастама Алматы қаласының жолдарындағы өлім-жітімді 30% қосымша төмендетуге және жергілікті бюджетке айыппұл ретінде 16,2 млрд теңге жинауға мүмкіндік береді. Жалпы, бүгінгі күні Алматыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты асында 766 «Сергек« кешені жұмыс істеп тұр. Оның ішінде желілік учаскелерде – 383, қиылыстарда – 383, - деді Баян Қоңырбаев.
Ол сондай-ақ Алматыда «Сергек» бейнекамералары іске қосылғалы бері жолдағы өлім-жітім 48%, жол апаттары 29%, жарақат алғандар саны 30% азайғанын айтты.
32 ай ішінде қала бюджетіне 17,5 млрд теңге түсті. Сондай-ақ жеке серіктеске 2,6 млрд теңге төленді. «Сергек» кешені санын арттыру апаттар көп болатын мен криминогенді учаскелерді толық бақылауға, жол мен қоғам қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді, - деді спикер.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік