Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮкімет баспасөз брифингінде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтан тілшілер АЭС салатын тендерге қандай мемлекеттер қатысатынын сұрады, деп El.kz ақпарат агенттігі.
Министр тендерге Корея, Ресей, Қытай, Франция мемлекеттері қатысатынын және АҚШ пен Жапония да елімізде атом электр станциясын салуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрден АЭС бойынша референдум қашан болатынын сұрады.
Бұл мәселе жөнінде өңірлерге шығып, тұрғындармен және қызығушылық білдірген тараптармен кездесу жүргізіп жатырмыз. Жобаны іске асырудың артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілу үстінде. Осыған қатысты бірқатар өңірде қоғамдық тыңдалым өткіздік. Тұрғындар тарапынан қызығушылық пен қолдау бар екенін байқауға болады, – деді Сәтқалиев.
Бұдан өзге министр референдум өткізілетін күн әлі белгісіз екенін тілге тиек етті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары