6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлмас Кишкенбаев 1 маусым 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен бастап ән орындауды жақсы көрген. Музыкалық мектеп түлегі. Фортепиано мен домбырада ойнай алады. 1996 жылы халықаралық «Айналайын» фестивалінің қатысушысы болған. Сол жылы Париж қаласында өткен «Жас, дарынды балалар» халықаралық фестиваліне қатысады. Сондай-ақ Қырғызстанда өткізілген «Мейір» фестивалі қатысушысы болады. 2004 жылы Алмас Кишкенбаев «Superstar KZ» жобасын жеңіп алады. Жарыс нәтижесінде «Премьер Рекордс» компаниясымен бір жылдық келісімшартқа отырды. 2008 жылы Алмас Алматы қаласындағы Өнер академиясын бітіреді. Қазіргі уақытта продюсерлікпен айналысады.
Өмірдегі өзгерістер адам бойынан жауапкершілік пен мақсаттар нақтылығын талап етеді.
Адам өзі тұлғалық өсімге ұмтылмаса, еш жетістікке жете алмайды. Қорықпай алдыға ұмтылып отыру керек.
Мектепте жүрген кезде жеке концерт беруді армандаушы едім. Соған енді қол жеткіздім.
Ең басты арманым – отбасының амандығы. Сондай-ақ қызыма дұрыс тәрбие беруді тілеймін.
Адам тұлға болуы үшін кез келген істі өзі жүргізе алуы керек.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі