30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӨткен аптада полицияға жеткізілген әнші Алмас Кішкенбаевқа қашан сот шешімі шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Tengrinews.kz мәліметінше, бүгін түстен кейін сот Алмас Кішкенбаевқа қатысты шешім қабылдайды. Сөз әкімшілік бап, яғни ұсақ бұзақылық туралы болып отыр.
Айта кетейік, 2007 жылғы бала кешкі тоғыз шамасында үш бөтелке сыраны жеткізу туралы тапсырыс алған. Ол дүкенге кіріп, сыраны алып, тапсырыс берген адамға апарып берген.
17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыш беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке томаған баланың интимдік жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев, - дейді Михаил Козачков телеграм арнасында.
Полиция әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізді. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілген еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды