28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжіліс депутаты Ерлан Саиров «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің Атырау қаласында өткен көшпелі отырысы барысында РОП операторына қатысты маңызды ақпаратты мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол партия жанындағы Кеңестің мүшелері республикаға белгілі заңгерлер, мемлекет қайраткерлері мен қоғам белсенділері және депутаттар екенін алға тартты. Оның айтуынша, жемқорлыққа қарсы кеңес өз жұмысы барысында тек өңірлердегі проблемаларға ғана емес, елімізде азаматтар кең талқылап жүрген ең резонансты мәселелерге баса мән береді. Осы орайда Кеңес төрағасы жиналғандардың назарын РОП операторына қатысты мәселеге аударды.
Әділетті Қазақстанның кірпіші заңды орындаудағы шындықтан құралады. Барлығы заң және заңды құқыққа сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі жақында РОП деп аталатын ұйым басшыларының бірқатары қылмыстық жауапқа тартылды. Сот барысында көптеген куәгерлер жемқорлыққа қаржының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де сот процесінде бұл азаматтардың уәжіне ешқандай назар аудармады. Егер Қазақстанда әділетті қоғам орнатамыз десек, әрбір азамат өзінің кінәсіздігін сотқа келіп дәлелдеуі қажет, - деді депутат.
Сондай-ақ ол азаматтардың уәжін міндетті түрде Бас прокуратураға жеткізетінін және бұл мәселе Кеңестің бақылауында болатынын алға тартты.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?