Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң, журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетелік, Әлішер кешегі жарыс күнінде Олимпиаданың финалисті Ахмед Тажудиновтен, бүгін ирандық Азарпира Амиралиден жеңілді.
Өмірімдегі екінші Олимпиада болған соң, қатты медаль алғым келді. Білмеймін, дайындығым жетпей қалған сияқты. Кеше Тажудиновпен белдесу жақсы басталған. Ағайларымның тактикасымен оны кілемнен шығарып, шаршатуым керек еді. Бірақ асығып кеттім. Өкінішті. Ал бүгінгі белдесудегі қарсыласым да өте мықты. Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп нақты айта алмаймын. Ел үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын, - деді Ерғали.
Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасында 97 келі салмақта белдесті.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар