Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОрта салмақта WBO, IBF және WBA белбеулері үшін өтетін біріктіру жекпе-жегі алдағы күндері ресми түрде жариялануы тиіс. Қазір ұйымдастырушылар 42 жастағы Эрисланди Лараның жауабын күтіп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жәнібектің өкілі Берік Сұлтан бұл жаңалықты былай деп жеткізді:
Біз барлық қазақстандықтар асыға күткен тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Бұл айқас орта салмақты дүр сілкіндіреді!
Алдағы күндері промоутерлік компаниялар ресми хабарландыру жасайды. Бізді керемет шоу күтіп тұр.
Негізгі мақсатымыз — барлық төрт белбеуді біріктіру. Біз сол арманға қарай жарты жолды артқа тастадық. Бұйыртса, тарих жасаймыз. Еңбегіміздің жемісін көруге аз қалды.
Бұған дейін BoxingScene сайты бұл жекпе-жектің 6 желтоқсанда Техас штатының Сан-Антонио қаласында өтетін бокс кешінде ұйымдастырылатынын хабарлаған. Сол кештің басты айқасы - бірінші жартылай жеңіл салмақтағы Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крусарасындағы кездесу.
Шараны Premier Boxing Champions (PBC) компаниясы ұйымдастырады - бұл Лараның промоутерлері. Ал Жәнібек алғаш рет басқа промоушенде өнер көрсетеді, себебі оның Top Rank компаниясының ESPN-пен келісімшарты шілдеде аяқталған, сондықтан бұл арнада қазір бокс көрсетілмейді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары