6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада сот 4 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар ер адамды ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ювеналды сотта қаралған іс бойынша ер адам баласына қамқорлық көрсетпеген, материалдық қамтамасыз етпеген және оның тәрбиесіне араласпаған.
Сот процесінде анықталғандай, әкесі ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген; 20 жылдан бері құмар ойынға тәуелді; ұлының өміріне араласу ниеті жоқ екенін мойындады.
Сот психологының зерттеуіне сәйкес, бала да әкесімен араласуға құлықсыз екенін білдірген.
Сот ер адамды ата-ана құқығынан айырды, алайда бұл оны баласына алимент төлеу міндетінен босатпайды. Ер адам бұрынғыдай қаржылық жауапкершілігін орындауға тиіс. Шешім заңды күшіне енді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі