6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЗеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бар азамат 3 жыл бойы өз міндеттемелерін орындау шараларын қолданбай, әрекетсіз болды. Қарыз шамамен 3 миллион теңгені құрады.Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, борышкер бейресми жұмысқа орналасу арқылы өзінің нақты табысын жасыра отырып, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтаруды жалғастырды.
Сот үкімімен борышкер ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 300 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, алименттік міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратураның тұрақты бақылауында.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі