6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлы достарының түсіне кіргені туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақын Әлиханның достарын ертіп, мешітке барып, рухына құран бағыштағанын айтты.
Бүгін марқұм Әлихан батырымның сыныптас достары Ерасыл мен Бексұлтан мені жұмысқа іздеп келіпті. Айтуларынша, Әлихан түстеріне кіріп «әкеме барыңдар» депті. Сосын екеуін ертіп Әлихан Құранның әліпбиін үйренген «Әзірет Сұлтан» мешітіне бардық. Достарына баламның дін ілімін оқыған бөлмелерін көрсетіп, рухына құран бағыштадық.
Ерасыл Астана IT университетінде инженерлік мамандықта, Бексұлтан Астана Медицина университетінде хирург мамандығында бірінші курста оқып жатыр. Әлиханымның жетпеген биігін осы балапандарға нәсіп етсе екен деп Алладан тілеймін! Достарын ұмыта алмай жүр ғой, айналайындар, - деп жазды ақын Серікзат Дүйсенғазы.
Еске салайық, екі жыл бұрын ақынның ұлы мезгілсіз өмірден озды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі