Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТараптар кең ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сочиде (РФ) Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь үкімет басшысы Роман Головченко, Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров және Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустиннің қатысумен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысында ЕАЭО аясында мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.
Тараптар кең ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, Климаттық күн тәртібіндегі іс-шаралардың бірінші пакетін іске асыру, интеграцияланған ақпараттық жүйені одан әрі дамыту және жалпы «цифрлық» ынтымақтастықты нығайту, электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыру аясындағы қадамдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шараларын талқылады.
Сонымен қатар Иранмен еркін сауда келісімін жасау жөніндегі келіссөздердің нәтижелері және басқа да бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер