6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер9 қарашада Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 16-саммиті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәлетінше, іс-шараға премьер-министр Әлихан Смайылов қатысады.
Саммит барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және басқа да салалардағы Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен одан әрі даму жолдарын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Саммит барысында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы марапатының жеңімпаздары жарияланады. Қазақстан Республикасының атынан тарих, мәдениет, әдебиет және бейнелеу өнері санатындағы марапатқа белгілі ғалым этнограф, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Ахмет Тоқтабай ұсынылды.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – 10 мүше мемлекеттен (Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан) тұратын өңірлік мемлекетаралық экономикалық құрылым. Қазақстан Республикасы 1992 жылдан бастап Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мүшесі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі