Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумына қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы іс-шара жаһандық экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда, дамушы нарықтарға инвестиция салу, жаңа энергетикаға көшу, сауда мен жұмысқа жасанды интеллектіні, блокчейн және басқа да технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.
Форумға шет мемлекеттер мен үкіметтердің, әлемдік ірі корпорациялардың басшылары, жаһандық инвесторлар, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылар мен танымал журналистер қатысып жатыр.
Іс-шара аясында Әлихан Смайылов Қатар әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәнимен және премьер-министр – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен кездесулер өткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар ірі компаниялар мен қаржы ұйымдарының басшыларымен келіссөздер жоспарланған.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады