Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБұл Үкімет басшысының Әзербайжанға ресми сапарындағы қорытынды шара болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәдени орталық қазіргі Баку қаласы символдарының бірі болып саналады, оның ауданы 57 мың м² асады. Ғимарат жобасында түзу сызықтар пайдаланылмаған, оның пішіні тулаған теңіз толқыны тәріздес салынған.
Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысына арналған музейде Гейдар Әлиевтің өмір жолы фото және бейнематериалдар арқылы баяндалған. Музей бөлімдерінің бірі – мультимедиялық залда оның әлем елдері көшбасшылармен кездесулері көрсетілген.
Орталықтың музейден басқа да көрме залдарында республиканың бірегей экспонаттары, тарихи ғимараттардың макеттері, көрікті жерлердің суреттері, табиғи және сәулет ескерткіштері және тағы басқа жәдігерлер қойылған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар