Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСеулде AliExpress, Temu және Shein-де сатылатын заттардан улы заттар табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгіме бас киімдер, әйелдер аяқ киімдері және басқа да өнімдер туралы. Олардың кейбірінде рұқсат етілген нормалар 200 еседен асады. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap News Agency басылымы жазады.
Қала билігі 12 шілдеден 9 тамызға дейін Қытайдың үш қосымшасында сатылған 144 тауардың қауіпсіздігін тексерді. Нәтижесінде екі аяқ киімнен 167,5 және 229,2 еседен асатын фталат пластификаторлары бар екені анықталды, - деп жазады басылым.
Фталат негізіндегі пластификаторлар адамда бедеулік пен әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін канцерогенді заттар санатына жатады.
Тағы бір аяқ киімнің құрамында никель (байланыс дерматитін тудыруы мүмкін) рұқсат етілген нормадан екі-тоғыз есе жоғары болған.
Сонымен қатар әйелдердің бас киімдерінде формальдегид мөлшері екі еседен асады, ал қышқылдық көрсеткіші – 9,3, негізі максималды норма 9.
Сондай-ақ алюминий банкаларында никель мөлшері нормадан екі есе асып кеткен, ал лакта диоксан мен метанол деңгейі тым жоғары болды, тиісінше 3,6 есе және 1,4 есе жоғары.
Сеул билігі қытайлық онлайн платформалардан адам денсаулығына қауіпті 11 өнім түрін сатуды тоқтатуды талап етуді жоспарлап отыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары