30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЧикагода (АҚШ) өткен UFC 319 турнирінде қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10-1) The Ultimate Fighter шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске (13-2) қарсы шығып, екінші раундта жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жекпе-жекте жеңімпаз UFC-мен эксклюзивті келісімшартқа қол жеткізуі тиіс еді. Әліби бұған дейін NAIZA лигасында чемпион атанған болса, Моралес америкалық GKO және A1 ұйымдарының белбеуін иеленген. Ол 2017–2018 жылдары UFC-де де өнер көрсеткен.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта аяқталды. Моралес тұншықтыру әдісін жасап, жеңіске жетті. Бұл Әлібидің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.
Осы жеңістің арқасында Джозеф Моралес The Ultimate Fighter шоуының 33-чемпионы атанды және UFC-ге қайта оралды.
Айта кетейік, бұл салмақта UFC-де тағы екі қазақстандық – Асу Алмабаев (22-3) пен Азат Мақсұм (15-2) өнер көрсетіп жүр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды