Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘнші Әли Оқапов пен режиссер Айдын Сахаман әнші Роза Рымбаева туралы биографиялық фильм түсіру үшін мемлекеттен қолдау сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халқымыз Роза Рымбаеваны әнші ретінде ғана емес, ерекше тағдыр иесі ретінде қабылдайды. Шынында да, ол 80-90 жылдардағы сәтсіз кезеңдерді басынан өткеруге мәжбүр болды, ол күйеуі мен баласынан айырылды. Семейдің ауылынан келіп, сахнаны бағындырды. Оған бүкіл әлем қол соқты, - деді әнші Әли Оқапов.
Ал Айдын Сахаман көпшіліктің көңілінен шыққан "Досмұқасан" фильмнің режиссері болған. Енді Роза Рымбаева туралы фильм түсіргісі келетінін айтты.
Біз сахна сыртындағы өмірдің құпиясын ашып, сол арқылы көрерменді тек шығармашылықпен ғана емес, әйелдің сан қырлы тағдырымен таныстырғымыз келеді. Қарапайым бойжеткен қаншама қиындыққа қарамастан сахна аңызына айналды, - деді Айдын Сахаманов.
Айта кетейік, бұған дейін де Әли Оқапов өзінің анасы, Қазақстанның Халық әртісі Роза Қуанышқызы жайлы кино түсіру жоспары туралы бөліскен еді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары