Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елімізде өтіп жатқан референдумда алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар да аз емес. Солардың бірі – 18 жастағы Жеңіс Әлібек. Ол Астана қаласындағы №149 сайлау учаскесіне келіп, өмірінде алғаш рет өз таңдауын жасады.
Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әсер қалдырды. Оның сөзінше, алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс беру – әр азамат үшін маңызды қадам.
18 жастамын, сайлауға бірінші рет келіп тұрмын. Маған өте ұнады. Алғаш рет келіп, сыйлық та алдым. Менің ойымша, сайлауға келген дұрыс, – дейді Жеңіс Әлібек.
Ол әр азамат елдің дамуына үлес қосуы керек деп санайды. Жас сайлаушының пікірінше, қоғамдағы өзгеріс те адамдардың белсенділігі мен жауапкершілігінен басталады.
Себебі елге үлес қосуды әркім өзінен бастауы керек. Егер әр адам іс-әрекетті өзінен бастаса, мемлекетімізде де өзгерістер болады деп ойлаймын, – деді ол.
Айта кетейік, референдумға дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары